ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2021 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

2 Просмотры
Издатель
ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2021 | Қызық Live

Каналға жазыл / Подпишись на канал
https://www.youtube.com/channel/UCY3tVpFJ_MKcts8_kO-qWwg?view_as=subscriber

"Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзіл-оспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды.
Төртінші жыл қатарынан "Қызық Премия" көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ең күтілетін іс-шаралардың бірі болды.
Барлығы бәріне белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық LIVE” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ. Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация - "Қызық Премияның" басты ерекшелігі.
Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды.
Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады.

"ПЛАГИАТ 2021", "Үздік Сериал", "ХАЛЫҚ әртісі", Жыл спорттық драмасы", "Жыл адамы-2021" секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы.

"Жылдың плагиаты" номинациясында қазақстандық әншілерге назын айту үшін сонау Түркиядан әлемге танымал жұлдыз МУСТАФА САНДАЛ келді. Қалжыңға толы кеште түркиялық қонақ Мустафа Сандал қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, әлемге танымал әндерімен қуантты. Айтпақшы түрік тілінен аудармашы танымал дубляж актері Қайрат Әділгерей аудармасымен көрермендерді күлкіге қарық қылды.

"ХАЛЫҚТАН ШЫҚҚАН ӘРТІС" номинациясында желіде танымал болған қарапайым қазақстандықтар өнер көрсетті. Желіде СЫЛАҚШЫ ҚЫЗ атанған Гүлмайдан, Қазақтың Иглесиасы Медет Өтегенов, Мұқа-Бұқа атанған Мұхамедияр Ембай, сонымен қатар елдің сүйспеншілігіне бөленген ҚОЙШЫ БАЛА өз марапатын алды.

ҮЗДІК СЕРИАЛ номинациясыда бұған дейін болмаған көрініс орын алды. Отандық сериал кейіпкерлерінің барлығы бір сахнада тоғысып, Үздік Сериал марапатына кім лайық екенін Қызық Премия сахнасында анықтамақ болып, кеш үлкен дауға ұласып кете жаздады. Сержан Братан, Жездуха, Сыныптас, Рауза, Шекер, Патруль, Сәке, 5:32, тіпті ПЕРЕКРЕСТОК сериалының кейіпкерлері сахнаға шығып бұл премияға лайық екенін дәлелдегісі келді.

"Жыл Альбомы" номинациясы елімізде ғана емес алыс-жақын шетелде танымал РАЙМ және ДИДИ рекордс ұжымына бұйырды.

Жыл Спортшысы номинациясында өте бір керемет көрініс орын алды. Жыл Спортшысы атанған бокстан әлем чемпионы, олимпиада қола жүлдегері Сәкен Бибосынов сахнаға биылғы нағыз Олимпиада Чемпиондарын шақырды. Бір қызығы ол спорттан емес, ғылым-білімде жүрген чемпиондар. Физика және математикадан халықаралық ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫ болған оқушылар сахнаға шығып, Сәкен Бибосыновтан жүлде алды. Осылайша Сәкен қазақ үшін тек білек емес, білімнің өте маңызды екенін көрерменге паш еткендей. Спорт, мәдениетпен қоса, ҒЫЛЫМ-БІЛІМнің мағыздылығын, оған көңіл бөліп мән беру керек екендігін ерекше атап өтті.

ЖЫЛ АУДИОЖАЗБАСЫ номианциясында жарқ етіп бүкіл көрерменнің жанарын жаулаған Жаңаөзендік Сырым Сүйіндіков өзінің даусымен бүкіл халықты күлкіге қарық қылды. Әйгілі UFC жүргізушісі Брюс Баффердің даусын айнытпай салатын Сырым, осы концерттен соң біраз промоушендердін ұсыныс алып, тіпті NAIZA FC жекпе-жектеріне шақыру алып, өнерін көрсеткен екен. Болашақта бұл бала Қазақтың Брюс Баффері атанып, керемет ринганонсерге айналады деген үміттеміз.

"Жылдың Үш Әрпі"номинациясында ЛРТ және ННН жеңіске жетті.
Жыл Тикток хаусы атанған әлемде номер бірінші ЙОЛО ХАУС ұжымы да марапатқа ие болды.

Бүкіл халықты жұмылдырып Маңғыстау өлкесіне қиын сәтте көмек берген Құрмет Талапқазы ЖЫЛ АДАМЫ атанды. Атына заты зай Құрмет, бұл атаққа әбден лайық жан, Абай атамыздың сөзін, басты қағидасы екенін айтып кетті. Қысқасы Премияның басты ұраны "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос". Бірлігіміз жарасып, бір-бірімзді қолдап, биіктерге жете берейік.

Сонымен қатар кеште жыл бойы барлығымз тыңдаған әндер орындалды.


Жүргізушілер:
Марат Оралгазин - https://www.instagram.com/oralgazin/
Еркебулан Мырзабек - https://www.instagram.com/rollanuly/

#ҚызықПремия #ҚызықПремия2021 #ҚызықLive #қызық #30ea #30tayelsizdik #30Independence #қазақжастары
Категория
Сериалы
Комментариев нет.